СӨЗ ӘЛПЕТІ

lat: SÓZ ÁLPETİ

Сөз төркіні, сөз бағдары, әңгіме барысы. «Мұғалімдік өнері қандайын өзі білсін, әйтеуір, пысық екен» деп ойлады Жақыпбек оның сөз әлпетінен, жүріс-тұрысынан байлау жасап (М.Иманжанов, Менің махабб.). Білдірдің қағаз жазып барша жанға, ұқсайды сөз әлпетің шаршағанға. Шықпаса Сыр бойынан қарыздарың, Сұрастыр қағазбенен Арқадан да? (Айтыс). Оспан бір жайсыз хабар әкелгенін сөз әлпетінен сездіріп тоқтады (С.Омаров, Дала қызы).