lat: SÓZDİK
зат.Белгілі бір мақсатты көздеп, алфавитке түсірілген, басқа тілге аударылған немесе мағынасы түсіндірілген сөздер жиынтығы, лұғат.
Ең алғашқы сөздікті біздің заманымыздан бұрын, V ғасырда ертедегі гректер құрастырған (Ғалам. ғажап.).
Маған қазақша – орысша, орысша-қазақша сөздік тауып бер (М. Дүйсенов, Ант).
Сөздік– белгілі бір тілдің сөздік құрамындағы жалпы я белгілі бір саласындағы жеке сөздердің алфавиттік тәртіппен тізіліп, жүйеге түскен түрі (Қазіргі қаз. тілі).