lat: SÚIİKTİ
сын. Қымбатты, құрметті, ардақты.
Сүйікті Отаны үшін ерлікпен қаза тапқан Қаби Халиуллиннің есімі совет адамдарының есінде мәңгі сақталады (Б. Жетпісбаев, Жорық.).
Осы уақыттың бәрінде ол әйеліне жақсы жар, балаларына сүйікті әке болды (Р. Тоқтаров, Тұлпар.).
Түн баласы... Түн жолына түскен ол, Сақаусың деп Мұса тілін кескен ол, Тәңірінің сүйікті ұлы Айсаның Тітіркенбей ұрттап қанын ішкен ол. (М.Жұмабаев, Шығ.).
«Сүйіктім Балқия, мені сүйгенің рас болса, енді көп ойлағанды қой (М. Дулатов, Шығ.).