СҮРГІН

lat: SÚRGİN

зат. 1. Неше түрлі азабы көп әуре-сарсаң, қыспақ, қымқуыт сергелдең; қуғын.

Ол үйде бұрын топырлап жататын қонаң, әнеугі сүргіннен кейін азайып, соңғы кейбір күндерде атымен болмай қалған (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).

Орыстың сүргінге айдалып келген революқионері, Чернышевский мен Добролюбовтың ізбасары Е. П. Михаэлиспен Абай осында танысады (М.Қаратаев, Туған әдеб.).

2. Қарбалас шақ, жығылып-сүрінетін кез.

Төл алудың сүргіні саябырсыған, енді там-тұмдап қана қоздап жатқан (Н.Серәлиев, Құм адамдары).