СҮЗГІ

lat: SÚZGİ

зат.сөйл. Сүзгіш.

Сүтті тез сүзу мақсатымен сүзгіні қозғалтып, сүтті шайқай беру араласқан заттарды бөлшектеп, сүттегі бактериялардың арта түсуіне себепкер (3. Сейітов, Сүт. өңдеу.).

Камфора майдың сұйық бөлегінен тоңазыту, сүзгіден өткізу, преске салып сыру арқылы бөлінеді (С. Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.).