СУДЫР

lat: SÝDYR

зат. 1. Бірдеменің сыбдыры; сылдыр, сыңғыр.

Жанас әйелінің кіріп иелгенін оның көйлегінің судырынан білді (М. Дүйсенов, Ант).

Көкте самғаған құс қанатының судыры мен жерде жортқан ақ тұяғының дүбірі (3. Қабдолов, Сыр).

2. ауыс. Іліп алары жоқ, тұрлаусыз, жылтыр сөздің иесі, жылпос.

Тұрлауы жоқ кілең судыр жылмаңға– неғып сеніп тапсырасың малыңды (Б. Майлин, Шығ.).

Нұрбақтың ісінде береке, сөзінде патуа жоқ, әдемілігі жылтыр жүзінде, судыр майда сөзінде ғана (С.Байжанов, Сыр.).