lat: SÝRET
зат. Бір заттың қағазға не басқа бір нәрсеге түсірілген бейнесі.
Көру сезімінің күшеюі, ұлғаюы үшін ең пайдалы нәрсе–балаға сурет салғызу.
Сурет салу баланың көру сезімін ұлғайту үстіне әдемілік сезімін де ұлғайтады (М. Жұмабаев, Шығ.).
Суретімді сонда қыл,
Құдіреті күшті құдасын.
Суретке бер және тіл,
Мен екен деп ұнасын (Ш.Құдайбердиев Шығ.).
Адам суретін саламын деп кұлағын есектікі, көзін адамдікі, тұмсығын құстікі секілді қылып салса ол дұрыс сурет емес, балалар қорқатын «құбыжық» болып шығады. (М.Дулатов, Шығ.).
Сурет алуан түсті бояумен аппақ қалың қағазға салынған екен (Ф. Дінисламов, Ұшқын).
Ауыз әдебиеті тарихи оқиғаларды сурет арқылы бейнеледі (М. Ғабдуллин, Қаз. ауыз әдеб.).
Бізде ән-күй жағынан, суретшілік жағынан Европа тәлімін алып, жетіліп шыққан өнерпаздар жоқ. Қазақтың өзінен компазитор, өзінен суретші шықпай, қазақ музыкасы (ән-күйі), қазақ тұрмысының айнадай суреті жасалмайды. (Ж. Аймауытов, Шығ.).