СУРЕТШІ

lat: SÝRETSHİ

зат. Сурет салуға маманданған адам.

Мына бояулар қай суретшінің қолынан өтті екен? (Қ. Найманбаев, Үміт.).

Мағы Уәлиханов кейін талантты суретші болып шықты («Қазақст. мект.»).

Жазушы да суретші. Жақсы суретші адамның сыртқы түрін айтпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанын да көріп тұрғандай боласың. «Надандық құрбанында» мұның бір нұсқасы жоқ, байлаусыз-матаусыз құр сөз біріне-бірі қарсы уақиғалар көресің (М.Дулатов, Шығ.).