lat: SÝSYN
зат. Шөлді қандыратын сұйық тағам.
Рақат сусын қанып, жан жайланып,
Қарап тұр аққан суға қайран қалып.
Көреді суағардан жазулы тас,
Жағалап жоғарырақ жүрсе барып. (М.Дулатов, Шығ.).
Айдын көл, ата қоныс, құт болған көл,
Сусын боп сұрағанға, от болған көл.
Кеше бірлік, ынтымақ түгел шақта
Бейне бір сенің басың сүт болған көл. (М. Жұмабаев, Шығ.).
Олай емес, ойласаң, талай мін бар,
Бұрын шын, қаталы шын, анық шын бар.
У берді ме сусын деп, су берді ме,
Көзің жұм да жұта бер деген кім бар? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).