Сәулелі симметрия

lat: Sáýleli sımmetrıaá.

биол.Ағзаның денесінен ось арқылы көп симметрия жазықтығын жүргізуге болатын және бұл жазықтықтардың әрқайсысы денені бірдей екі жартыға бөлетін симметрия.

Жануарлардың бекініп тіршілік етуіне және қоршаған ортаның жан-жақты, бірқалыпты әсер етуіне байланысты, мүшелерінің осьтің айналасына радиальді бағытта орналасуы сәулелі симметриясын құрайды (Қаз. тілі термин. Биология).

Сәулелі симметриялы жануарлардың денесі екі қабаттан тұрады: эктодерма және эидотерма (Қаз. тілі термин. Биология).