СӘЙКЕССІЗДІК

lat: Sáıkessizdik

з а т. 1. Біріне-бірі дөп түспеушілік, сай келмеушілік, үйлессіздік. Талданып отырған үзіндіні әріп қуған сөзбе-сөз аударма тұрғысынан қарайтын болсаң, мұнда да бірсыпыра с ә й к е с с і з д і к т е р д і кездестіруге болады (М.Қаратаев, Туған әдеб.). 2. Үйлеспеушілік, қайшылық, сай болмаушылық. Өндіріс пен тұтыну арасын-дары с ә й к е с с і з д і к т і жоюдың шаралары белгіленеді («Қаз. әдеб.»). Көп нәрсе алғашқы кезде жөнге келмей жатты, с ә й к е с с і з д і к пен түсініспеушілік те туған кездер болады («Қазақст. коммунисі). 3. б и о л. Екі дарақ арасындағы жұптасудың қиындауы, ұрықтану үдерісінің жүрмеуі. С ә й к е с с і з д і к салдарынан гаметалардың қосылуы қиын болады да, ұрықтану проқесі жүрмейді. Кейде гүлді өсімдіктерде ұрық түзілгенмен, алынған тұқымдар өсуге қабілетсіз болады (Қаз. тілі термин. Биология). 4. и н ф. <ағыл. mismatcһ> Мәліметтердегі үлгімен салыстырғандағы теріс нәтиже.