Субъективтік құқық

lat: Sýbektıvtik qúqyq.

заң. Адамның не ұйымның заңға сәйкес ой-пікірін білдіру және іс-әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі. Субъективтік құқықтың бастапқы алғышарты құқық қабілеттілігі (құқық иелену қабілеті) болып табылады.

Субъективтік құқық абстрактілік және нақты түрге, сондай-ақ абсолюттік және қатыстылық түрге де бөлінеді (ҚҰЭ).

Азаматтың немесе ұйымның өз мүдделерін қанағаттандыруға байланысты нақты мақсаттарға жетуді діттеген ықтимал мінез-құлқының заңдастырылған шарасы. Құқыққа қабілеттілік, яғни құқық иеленуге жалпы (абстрактілі) қабілеті субьективтік құқықтың алғышарты саналады (Заң термин. сөздігі).