СУДЬЯ

lat: Sýdıa

зат. 1. Сот (қылмысқа пікір айтып, баға беретін билік иесі, соттаушы).

Текеден мировой судья әрі тергеуші Жаворонков деген келген (Б. Аманшин, Көк-жар).

Тексеруші судьясы тұрған шаһардың ішінде шайхана шайын дайындайтын (С. Шарипов, Бекболат).

2. Спорт ойындарында билік айтушы, төрелік етуші.

Рингтегі судья жауынгерлерді таныстыра бастады (Б. Соқпақбаев, Өзім тұр.).

Ойынға көрші құрылыстың физругі судъя болды (Т. Әлімқұлов, Сейтек.).