Сулы горизонт

lat: Sýly gorızont.

Су өткізбейтін таужыныстардың арасында немесе белдемімен сутірек қабатының арасында жататын, жерасты суларының қалыптасу, қозғалу және арылу жағдайларының ортақтығымен сипатталатын бір немесе бірнеше сулы қабат.

Сулы горизонтты құрайтын таужыныстардың литологиялық- фациялық құрамы мен олардың сүзілімдік және су сыйымдылық қасиеттері әртүрлі болуы мүмкін (Қаз. тілі термин. Су.).