Суырып салма

lat: Sýyryp salma.

Өз жанынан тез арада өлең шығара алатын адам.

Жамбыл «а» десе «мә» дейтін суырып салма ақын (М. Әуезов, Әр жыл).

Иса барып тұрған суырып салма ақын (С. Мұқанов, Өсу жол.).

Айтыс кезінде қарсыластар кезекпен суырып салып, бір-біріне жауаптасады (Досмұхамедұлы, Шығ.).