lat: SİLEKEI
зат. Адамнық немесе айуанның ауыз қуысынан рефлекс жолымен бөлініп шығатын созылмалы сұйықтық.
Қуаты құрып; қаны қашып, аузы аңқиып, аузынан сілекей ағып, Темірбай қадалып қарап жатыр: сегіз казак-орыс мылтығын оқталып, екеудің қарсы алдында қаз-қатар тізілді (м.Жұмабаев,Шығ.).
Алғашқы жара білінгенен кейін-ақ дереу я жарты жылдан соң мерез ауруының екінші дәуір белгілері көріне бастайды. Ол уақытта бүкіл дене бөртіп, жаралар түсе бастайды. Үш жыл, жеті жыл шамасы өткенде үшінші дәуірібасталады, онда үлкен-үлкен жеке жаралар пайда болады. Сүйек шіриді. Мұрын бұзылады, ауру адам жүре алмайтын, сөйлей алмайтын болып, көбі ақылдан да айрылады. Мерез денедегі жарадан, ауру адамның сілекейінен, қаннан жұғатынын, білімпаздар, доқтырлар анықтаған (М.Дулатов, Шығ.).
Ауылға жеткенше екеуінің әңгімесі – әйел болды. Әйел деген жарықтық өмірі таусылмайтын, адамды жалықтырмайтын қызық әңгіме ғой. Әсіресе «Екі әуейі» әйелдің әңгімесіне жалыққан болар ма? Ауыздарынан сілекейі көздерінен жасы аққанша күлісіп мәз-мәрам болды (Ж.Аймауытов, Шығ.).