СІЗ

lat: SİZ

ес. Сен деген есімдіктің сыпайы түрі.

Сізге надан қанша малын Берсе, босқа алмаңыз алмаңыз, Неге десең, ол өзіңдей Ақылы бар кісі емес (Ш.Құдайбердиев, шығ.).

Иығымда сіздің шаш, Айқаласып тайталас, Ләззәт алсақ болмай ма, Көз жұмулы, көңіл мас? (Абай, Тол. жин.).

Хұп білемін, сізге жақпас Ескі жара білтелеу. Ақ жүрегің енді ұнатпас, Мезгілі жоқ қай медеу? «Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек (Мақал).

Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз (Абай, Тол. жин.).