СИЯҚТЫ

lat: Sıaqty

шыл. Тәрізді, секілді.

Соққан дауыл сияқты өтер,

Қайғырмаймын, білемін, көзім жетер (Абай, Шығ.).

Шешек, сүзек сияқты індеттен ауылдар соңғы жылдарда, түгел арылды (С.Мұқанов, Саяхаттар.).

Тосып алды ол ортасында алаңның,

Тұғырында таңертеңгі балаң күн.

Күн сияқты о да ұлы, о да жас,

Қарсы алдынан шыға берер адамның (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес).