lat: Sırkúl
зат. Шеңбер сызатын, сондай-ақ, чертеждердің ұзындығын өлшейтін екі ашалы аспап.
Оның ішінде дөңгелек шеңбер сызықтар сызатын неше түрлі циркульдер бар (А.Машанов, Жер асты.).
Сызықтардың теңдестігін дәл келтіру үшін циркуль сияқты техника құралын қолдану қажет қой (С.Мұқанов, Алып. адым.).
Генерал циркульді алып, жауынгерлік күзеттің қашықтығын өлшеді (Б.Момышұлы, Біздің генерал).