САУАТ

lat: SAÝAT

зат. 1. Оқып-жаза білетіндік, хат танығандық.

Осындай ғана сауатым бар мені биік білімді Коммунистік партиясының қатарына тартқан не нәрсе (С.Мұқанов, Есею жыл.).

Сұлтан Махмұт соны ойлап: Жоқ, мырза, мен ешкім де емеспін, өз білген азғана сауатымды ауылдастарыма жағысып сап жатқан жай пендемін, деді (Д.Әбілев, Арман.).

Осы қалаға қызметке келген адам сауаты болса болғаны, алдымен кітапханаға барады (А.Байтанаев, Қансонар).

2. ауыс. Біліктілік, өнер, т.б. сол сияқты адамның біліп алған, үйренген нәрселері, сауаттылық.

Домбырам, қолымда ерке құралайым,

Мен де бір сен сияқты кұба қайың.

Бір-бірлеп ел тілегін күмбірлетші,

Мен сенен басқа сауат сұрамаймын.

Естідің ауыл сырын, мен де естідім, (К. Салықов, Жезкиік).