САУДА

lat: SAÝDA

зат. 1. Затты сату мен сатып алу әрекеті.

Ардақ сауда қызметіне шатылмай мектепке, оған қосымша ескі жұмысшылардың ортасына түскеніне мейлінше риза (Ғ.Мүсірепов, Қараған ды).

Нілдінің мысы мен Қарағандының көмірі осы жолмен барып, бүкіл дүниелік базарлардың саудасына түскен (С.Шаймерденов, Мезгіл).

Мұсылманша жақсы оқыған болса да, елге шығып молда болмай, соңғы уақыттарда оқытуды да қойып азырақ саудаға айналысып еді (М.Дулатов, Шығ.).

2. экон. Тауарларды сатып алу-сату арқылы өткізетін ұлттық шаруашылық саласы.

Сауда ішкі (көтерме сауда және бөлшек сауда) және сыртқы саудаға бөлінеді; жеке адамның пайда алу мақсатымен тауарларды айналысқа түсіру, оларды сатып алу және сату жөніндегі шаруашылық қызметі (Қаз. тілі термин. Экономика).

3. экон. Қандай да бір тауарды өткізуге бағытталған немесе өткізу жолына қарай ерекшеленетін бір арнасы.

Сауданы қояйық, қызым. Күндіз шахтада істесек, түнде мұнда істейміз, осы ғана менің ендігі айтарым (Ә.Әбішев, Жас түлек.).

4. ауыс. Базар, базарда сауда қызатын демалыс күн.

Жазушылар одағы өз қызметін әдеби жыл қорытындысын шығарумен, мерейтойлар өткізумен ғана шектейтіндей. Оның әдебиетті насихаттау, кітап саудасын ұйымдастыру, жәрмеңкелер, көрмелер өткізу, баспа ісіне араласу секілді қым-қуыт тірлігі мүлде көрінбей кетті. Бұл ненің белгісі? («Парасат»).

Теңіз саудасынан түсетін пен өзі басқарған империяның байлығы арқасында ұдайы өркендеп отырған бұл ел ХҮІ ғасырда кемеліне келіп, гүлдене түсті («Парасат»).

5. ауыс. Өзара айтыс, тартыс, бәсекелескен жайт.

Өткен саудада...тура бір дорба жұмыртқа қостым, осыған қара сабын әкеп бер деп (Ш.Мұртазаев, Шығ.).