lat: SAÝSAQAI
зат. экспр. 1. Еркелете айтылған кішкентай баланың саусағы.
Күнім, айым!
Өкпе жайым!
Айналайын!..
Саусақайыңды селтеңдетші.
Жеп қояйын (Ж.Аймауытов, Шығ.).
2. Шынашақ.
Балалы үйрек, бас бармақ,
Кішкене бөбек, бес бөлек.
Саусақайы салбырап,
Бөлене қойсын бос білек. (Н.Төреқұл, Сүйіншіден көңіл айтуға дейін).