САУСАҚТЫ

lat: SAÝSAQTY

сын. Саусағы бар.

Аяғы (бүркіттің) төрт саусақты, саусақтары салалы. Тұяғы ұзын, саны толық, шымыр келеді. Саусақ терісі бедерлі, шегірен былғары іспетті. Артқы саусағын тегеуіріні, ішкісін жембасары, ортаңғысын сығымы, шеткісін шеңгелі дейді. Тегі тегін жаратылыс емес. Көк болаты (көк тұмсығы) көңілге кір келтірмес асыл. (Ж.Бәлшенов, Білмейді құс қадірін ұстамаған//Туған жер қазынасы).