lat: SAÝYQTYRÝ1
зат.экон. <лат. sanatio>. 1. Ірі кәсіпорындарды, банктерді банкроттан сақтау және қаржы жөнінен сауықтыру үшін мемлекеттің немесе аса ірі банктердің көмегімен жүзеге асырылатын шаралардың жүйесі.
Сауықтыру шараларына мыналар жатады: мемлекеттің борышты есептен шығаруы, бюджеттен берілетін жәрдемқаражат, бюджетке төлемдердің мерзімін ұзарту, несие берудің жеңілдікті тәртібін белгілеу, пайдаланылмаған мүлікті сату т.б. (Қаз. тілі термин. Экономика).
2. экон. Балансты өзгерту, яғни пайданы бөлу есебі бекітілгеннен кейін пайда сомасын есепті жылға қатысты бөлікте есептен шығару.
3. <лат. recreatio> Күштерді қалпына келтіру, адамдардың демалуы, өзінің жұмыстан бос уақытын өткізуі.
Көптеген елдерде сауықтыру қызметін көрсету – экономиканың ірі саласы (Қаз. тілі термин. Экономика)..