lat: SAÝYQTYRÝ2
1. Сауықтыр етістігінің қимыл атауы.; емдеп жазу.
Көзге қиын операция жасағанша малдың көзін дәрілеп сауықтыру әрі оңай, әрі тиімді (X.Арғынбаев, Қаз. этногр.).
Бала кішкене кезінде қандай аурумен сырқаттанса да дер кезінде емдетіп, толық сауықтыру қажет («Қазақст. әйелдері»).
2. ауыс.кіт. Қалпына келтіріп, жақсарту, жаңарту, абаттандыру.
Денсаулық саласын сауықтыруға қомақты үлесін қосып келе жатқан аудан әкімі Байділдә Жылқышиевтің айтуынша, заңды түрде «Диханкөл қымызы» дейтін тауар белгісін қойып, аудан, облыс орталықтарынан сауда нүктелерін ашу ойластырылып жатыр екен («Жас Алаш»).
Қайта құрылымдау кезінде: қалалардың аумағындағы ғимараттарды инсоляциялау және желдетуді сатылап жақсарту әдісімен сауықтыру; магистралдар мен көшелерді жөндеу арқылы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қарастырылады («Парасат»).