lat: SAǴYNYSH
зат. Аңсаған тілек, құмартқан сезім.
Майданда жүргенде алыстан ыстық сағынышын жолдаған еді (Б.Тоқтаров, Қыран.).
Күн асқан сайын Жаңылдың сағынышы, аһ ұрған арманы үдей берді (Т.Ахтанов, Дала сыры).
Сап-сап көңілім, сап, көңілім!
Сағынышқа сарғайма!
Жәй жүрсең де қыз қумай,
Сені біреу қарғай ма? (Абай, Тол. жин.).
Сағынышпен ашайын саған құшақ,
Менше өпсін жүзіңді самал бұ сәт.
Қобызыңды естиін мейірленіп,
Көңілі бос, күй десе, ағаң құсап (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.).