САБАНТОЙ

lat: SABANTOI

зат. ауылшар. Егінді орып, бастырып болғаннан кейін өткізілетін той-мереке, қызық-думан.

Сабантой мейрамы 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап Татарстан Республикасында мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі (ҚҰЭ).

Әдеті Дағыстанның болған салты, Жылында егіннен соң барлық халқы, Жиналып бір тамаша өткізеді, «Сабантой» аталатын мұның аты (И.Байзақов, Құралай.).