САБЫЛ

lat: SABYL

ет. Әуре-сарсаңға түсу, құр сандалу.

Кісі тасып сабылып, Ерсілі-қарсылы ағылып, Автомобиль зулады (И.Байзақов, Таңд, шығ.).

Олар үш күн сабылып, қызды іздеп таба алмай, қалжырап қайтты (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).

Ел қағынды, Мал сабылды, Ұрлық өтірік гуде-гу (Абай, Тол. жин.).