lat: SABYN
зат. Сілті мен майдың қосындысынан жасалған, суда көбіктеніп еритін, кір жууға, жуынуға арналған жұмсақ кесек немесе қою сұйық зат.
Сабын өндіруге негізгі шикізат ретінде түрлі мал және өсімдік майлары, синтетикалық майлы қышқылдар, күйдіргіш негіздер және т.б. пайдаланылады (Қазақ тілі термин. Тамақ.).
Сабын кірді ашады, Сабырсыз сырды ашады (Мақал).
Ойланар кез болды ғой, Орынсызды құр қылмай. Сабын алып онан да, Үстімізді кір қылмай, Тазалайық денені Сыртымызды сыр қылмай (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Жуынды ақ білегін жең сыбанып, Тарқатты қара шашын шолпыны алып. Көпіртіп жұпар Сабын бұрқыратып, Жуынды саумал суға мойнын керіп. Аққудай көлде жүзген, жүз толғанған (Ә.Найманбаев, Шығ.).