САБЫНДА

lat: SABYNDA

ет. Сабынмен жуу, сабын езу, сабын жағу.

Енекемнің еміп кет Төсінде екі мамасын. Сабындаса ағармас, Іштен туған қарасың (Батырлар жыры).

Жақсы шайыр ыстық сумен сабындап жуса ғана кетеді (М.Ермеков, Қазақст.).

Бөлмені ақтап, еденін сабындап жуып, ауасын тазартып қойыңыз (X.Нұрғалиев, Жас ана.).

Ауру-лас, кір-қолаң. Ауыртып еді мазаны ап. Арылта жуып сабындап, Алатын бәрін тазалап (І.Жансүгіров).

сабындап мал желінін жуып таза, Құрғата сүртіп жұмсақ орамалға (Ә.Сәрсенбаев).