САБЫР

lat: SABYR

1 зат. Шыдам, тағат, төзім.

Досыңа достық қарыз іс, Дұшпаныңа әділ бол. Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ сабыр сол (Абай, Тол. жин.). 

сабыр деген әр іске шыдамдылық, қатты керек адамға бұл бір қылық. Қолы жетпей талай жан ызданады. Осыдан көп шығады адамшылық (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық Талапқа алты түрлі ноқта тақтық. Алтауының ішінде ынсап әділ, Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Алтыншы, қымбат нәрсе сабыр деген, Сабыр адам мұратын табар деген (Ақмолла).

сабыр өз ісінің ақтығына сенімді, ниеттелуі түзу, тағдырдың бір құдайдан екендігіне сенетін, әрбір қиындыққа сынақ ретінде қарап, мойымайтын адамға тән. Сабырдың қажыр-қайратпен оның адам бойындағы бойкүйездік, немқұрайдылық, еріншектік сияқты жаман қасиеттермен ымырласпайтындығының негізгі белгісі (ҚҰЭ).