САДАҚ

lat: SADAQ

1 зат. көне. Тобылғы, үйеңкі т.б. ағаш шыбықтарынан доғаша иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасаған жебе атуға арналған қол қаруы.

Садақты мезолит дәуірінен 20 ғасырға дейін дүние жүзінің халықтары көп пайдаланған. Қарапайым Садақты тобылғы, үйеңкі, т.б. ағаш шыбықтарынан доғаша иіп, екі ұшын қайыспен бойлап жасайды (Қаз. тілі термин. Әскери.).

Садақты тас дәуірінен 20 ғасырға дейін дүние жүзінің барлық халықтары пайдаланған. Ерте кезде аң аулауда, кейін соғыс ісінде қолданылған (ҚҰЭ).

Ести сала Садағын қолына алды, Мамырдан аулақ жүр деп айғай салды. Ұялмай жүзіқараның жүргенін деп, Аямай дәл жүректен атып қалды (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Қазақ халқы… тас, аяқ, сойыл, шоқпар, су, түтін, тор, тұзақ, аук, қақпан, ат, ит, құс, Садақ, мылтық сияқты қару-жарақпен аң аулай білетін, осы қару-жарақтың бәрін немесе бірнеше түрін пайдаланып, аң аулаған адамды аңкөс адам деп таниды (Қыран).