САДАҚШЫ

lat: SADAQSHY

зат. Садақ атуды кәсіп еткен мерген адам, садақпен қаруланған жауынгер.

Қазақта садақшы қыз да, найзагер қыз да, тіпті балуан қыз да болғандығын айтады (Ғ.Сыланов, Асау арна).

Осы өлкенің маңдайға басқан садақшысы, шабандозы Ербосынды Мұхаммед сұлтанға қызмет ет деп жіберген (С.Санбаев, Аруана).

Көшпелілердің соғыс тактикасында алыстан атысу маңызды рөл атқарғандықтан, садақшылар әскердің маңызды бөлігі болып саналды. Садақшылардың ішінен арнаулы «мергендер тобы» құрылған (ҚҰЭ).