зат. 1. Адамның бір-бірімен күш, өнер салыстырып сайысқа түсуі, жарыс.
Түс бола бергенде, Қалмырза жыршы жырлап, балуан сайысы болады деп, елді аралап жүрді (К.Әзірбаев, Аңыз.).
2. ауыс. Ұрыс, соғыс, шайқас. Қазақтың жері қан төгілген сайыс майданына айналды (Қаз. дала. ойшыл.).