САЛЮТ

lat: SALÚT

зат. 1. Белгілі бір мейрамның не мерекенің құрметіне арнап аспанға қарай атылатын оқ немесе жарылғыш ракеталар залпы; мерекелерде, салтанатты жиындарда құттықтау, құрмет көрсету, құрметпен қарсы алу кезінде жасалатын отшашу.

Көрініп тұр шіркеулер күмбез алтыны, Шартараптың естілер тыныс-қарқыны. Шашырап жатыр түнгі салют оттары Аққулардың қанатындай жарқылы (К.Салықов, Жезкиік).

Теңіз боп адам толқыды, Жалау боп жүзді армандар. Салют боп жанды сол түні, Соғыстан қайтпай қалғандар (С.Мәуленов, Алыс кет.).

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы алғашқы артиллериялық салют 1943 ж. 5 майданнан Белгород қаласын азат еткен Стпеной және Воронеж майданының айбынды әскерлерінің құрметіне берілді (Қаз. тілі термин. Әскери.).