lat: SALÝ
Сал етістігінің қимыл атауы.
1. Қандай да бір құрылысты тұрғызу. Орталық Қазақстандағы ірі ауыр өнеркәсіптің барлық салаларын техникалық сумен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Ғылым академиясының ғалымдары Ертіс – Орталық Қазақстан каналын салудың схемасын жасады (Қ.Сәтбаев, Қазақстан – менің отаным).
Біздің пікіріміз бойынша, Қаратауда жылына бір миллион тонна фторсыз балқытылған фосфаттар өндіретін еліміздегі тұңғыш циклонды заводты жобалап, салуға дереу кірісу керек (Қ.Сәтбаев, Қазақстан – менің Отаным).
Сырға тұнған қой көзі шоқтай жанып, Көкірегі алапат отқа айналып, Тағдырынан алғандай дұрыс өкім, Сосын көпір салуға кірісетін (М.Шаханов, Ғасырлар).
2. Құру, тастау.
Бұрын еспселі қайықпен ау салушы едік (Қ.Айтазин, Кәсіби лексика).