lat: SALPYNSHAQ
зат. Зергерлі бұйымдарда, құйысқанда, кісенің жанында, жүгеннің сағалдырығында, өмілдірікте үзбелі, өрнекті, салбырап тұратын әшекейлер.
Салпыншақ өңіржиек, сырға, тұмар сияқты зергерлік бұйымдарда, ер-тұрман жабдықтарында салбырап тұратын әшекейлер. Өңіржиегінде алтын, күміс жалатқан салпыншақ сәнді шынжырлар, түрлі-түсті шашақтар жалт-жұлт шағылысады (Б.Нұржекеев, Күтумен өткен ғұмыр). Сырбайдың белінен түспейтін оқшантайы, қыны, басқа да қажетті салпыншағы көп, жезге жапқан күміс әшекейі сүртіліп бітуге жақындаған, қазақы кісі болушы еді (С.Мұқанов, Сырдария).