САЛТАНАТ

lat: SALTANAT

2 зат.

1. Мейрамда, тойда болатын сәулетті, сәнді көрініс. Аңшылық әуелінде қандай тәтті, Еркіндік, кім жек көрер салтанатты. Бұл күнде қоңлы тұғыр табылса да, Аздан соң желдіктерсің, жауыр атты (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Ол бақта күн де жарық, түн де жарық, Қызарып күндік жерге түсер сағы. Інжу, маржан сол бақтың суларында, Асыл тастың сонда көп шамшырағы, Мысалы, бейне жұмақ салтанаты. Қызығына жан жетпес Иран бағы (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Үйіне бай-мырзаның келген шақта, Қазына салтанатын көрген шақта, Ойлайтын мұнан артық не керек деп, Осындай құдай бәрін берген шақта (А.Байтұрсынов, Шығ.).

2. ауыс. Дастарқан байлығы, көл-көсір тамақ. Дастарқанның салтанатын д а да қапы жоқ (Ә.Кекілбаев, Дала.).

3. ауыс. Жасау-жабдық. Есітіп, көзің көріп, құлақпенен, Ойладың әділдікті сауаппенен. Салтанат пен қазынаңызда хисап жоқ, Түзеттің салтанатын қонақпенен (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

4. ауыс. Асқан әдемілік, сұлулық. Жүрмісің аман-есен перизатым, Көрген жан сипатыңа таң қалады, Бар шығар Гүлбарамдай салтанатың (Ақан сері).

5. ауыс. Жөнсіз мереке; у-шу, дақпырт, даңғаза. Шықты да балағаннан кәртең қатын, «Степан, деді бұл қай салтанатың. Батырға үйде жатқан ұйқы бермей, Отырсың өлендетіп, қайда ұятың?» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

6. ауыс. Сәні, қуанышы. Салтанаты атаңның, Сен едің алмас қылышы. Қарағым, сенсіз не болар, Барлық елдің тынысы? (Ә.Найманбаев, Шығ.).

7. жерг. Салт. Әр елдің салтанаты басқа, иттері қара қасқааз. тілі аймақ. сөздігі).

8. ауыс. Қызық думан. Дауылдан да, жауыннан да қалқалап, Көрсетер ем талай қызық, салтанат. Аяғым да қозғалмайды қайтейін, Өтер едім өмір бойы арқалап (С.Жиенбаев, Алтын қалам).