САЛЫҚ

lat: SALYQ

зат. Жеке адам мен кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын мемлекеттік алым.

Салық мөлшері мен төлеу мерзімі заңмен белгіленеді. Негізгі екі міндетті атқарады, олар: біріншіден, салық салу мақсатына қарай мемлекеттің кәсіпорындармен және азаматтармен (соның ішінде шетелдік) өзара қарым-қатынасын реттейтін экономикалық тұтқа, екіншіден, бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру мен толықтырудың негізгі көзі (ҚҰЭ).

Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әр міндеті болып табылады (ҚР Конституциясы).

Бұл маған не қылғаның, жаратқаным, Бір шалға үйлі жанды қаратқаның? Төлермін салық ақша қайдан тауып, Қажетім бірін сай ғып та жаратпадың? (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Ең алдымен қазақ халқы Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті де керек емес нәрселерге жұмсалады... (М.Дулатов, Шығ.).