САМА

lat: SAMA

(Түрік, сема) "тыңдау', “әндету", "рақаттана тыңдау". Суфизмде мистикалық өлеңдерді әндетіп айтып, бірлесіп зікір салу. Сама мистиктер тәжірибесінде V ғасырда сопылық "әңгімелер" жиналыстар (мәжілістер) кезінде өлең айту ретінде енді де, кейін әнге би мен иекіру қимылдары қосылды. Сама тәжірбиесі қатты наразылық тудырып, көптеген “діндар" ғұламалар тарапынан айыптауға тұрарлық өткір сынға ұшырады. Самағаға арналған барлық әдебиетте дерлік. Саманы суфизмнің діни-мистикалық рәсіміне енгізу заңды ма, заңсыз ба деген сұрақ талқыланды. Бұл мәселе жөнінде сопылардың өз арасында оны тікелей іске асырап жүргендердің де, сондай-ақ бұл дәстүрді теріске шығарушылар ішінде де бірауыздылық болған жоқ Әл-Худжвири мен Ахмед әл-Ғазали сияқты беделді кісілер саманы қорғады. Деректемелерге қарағанда самаға белгілі бір мінәжатхана мүшелері немесе бір бауырластықтағылар ғана емес, оған соңғы емес, жергілікті тұрғындар да белсене қатысқан. Музыкада ойнаушылар мен әншілер көбінесе қарапайым адамдар болған, оларды сырттан шақырып немесе жалдап отырған. Кейін (17 ғасырдың соңы 18 ғасырдың басында) Сама рәсім негізінен өзінің діни мәнін жойып, әбден машықтанып жаттыққан және ұқыпты ұйымдастырылған көрініске айналды. Қарапайым адамдар саманы бауырластықтың негізін сақтаушы-қамқоршы жіберген тәңірі рақымына ортақтасу деп таныды.