САНАУ

lat: SANAÝ

Сана етістігінің қимыл атауы.

1. Есептеу, санын анықтау.

Содан соң Сейілхан құдық аталатын қыстаққа қарай тартып, сол жерден бір топ қой мен итін тауып алды да, жалма-жан қойларды санауға кірісті (Ә.Нұршайықов, Алтын.).

Ондық системаның пайда болуы он саусақ бойынша санаумен байланысты болғанына шүбә келтіруге болмайды (О.А.Жәутіков, Жаратылыстану.).

Керек бәрін есептеуің, санауың. Ол аз болса, Өзіңді өзің қанауың! Цейтноттан құлап түсіп жатады Алдыңдағы кіп-кішкентай жалауың! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).

2. Ойлау, есептеу, түсіну

 Тәкаппарлық сезімі яғни адамның өзін ірі деп санауы, шектен шығып кетпесе, әрине, дұрыс сезім, дұрыс мінез (М.Жұмабаев, Шығ.).

Еңбектер араб және ұйғыр, шағатай және алтай тілдерінде жазылып қалдырылғанын ескерсек, онда бұл халықтарды да түркі мәдениетіне өз үлесін қосқан деп санауымыз кереказ. дала. ойшыл.).

Жасы үлкенді аға санау ежелден Салтымыз ғой, салтты мен де сыйлаймын. Бірақ кейде кейін тартып кежегем, Баз біреуді аға деуге қимаймын (М.Шаханов, Ғасырлар).

3. инф. <notation> Сандарды бейнелеу және өрнектеу тәсілі.

Санау жүйелерінде кейбір п бірлікті сан (мыс, он) 2 разрядтың бір бірлігіне бірігеді, сондай-ақ бірлігі 2 разрядтың сол саны 3 рарядтың (жүздік) бірлігіне бірігеді және т.б. п саны санау жүйесінің негізі, ал әрбір разрядтың бірліктер санын белгілеуге пайдаланылатын таңбалар цифрлар деп аталады (Қаз. тілі термин. Информатика.).