САНИТАРИЯ

lat: SANITARIaÁ

[лат. sanitas] зат. мед. Гигиенаның ғылыми қорытындылары мен талаптарына сай халықтың күнделікті еңбек жағдайын, тұрмысын жақсартуға арналған практикалық шаралар жиынтығы.

санитария қала, елді мекендердің тазалығын зерттеп, нақтылы гигиеналық шаралар белгілейді, жұқпалы ауруларға қарсы күрес және халық арасында санитариялық үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілуін бақылайды (Қаз. тілі термин. Тамақ.).

Санитария қала, елді мекендердің тазалығын зерттеп, нақты гигиеналық шаралар белгілейді, жұқпалы ауруларға қарсы күрес жүргізілуін бақылайды (Қазақстан ұлт. энцикл.).