lat: SANSARA
[санскр. Sansara] зат. Үнді философиясы мен дінінің (индуизм, буддизм, джайнизм) негізгі концепцияларының бірі.
Сансара бойынша, тіршіліктің түрлерінің бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне айналу мүмкіншілігіне ие (Мәдени-философиялық энцикл. сөзд.).
сансараны мәңгілік қайта айналып келіп отыру идеясын жеткізетін ұғым деуге болады (Мәдени-философиялық энцикл. сөзд.).
Үнемі өзгеріске ұшырап отыратын әлемде заттардың негізі, мәні ешқашан жойылмайды, тек бір түрден екінші түрге ұдайы өтіп отырады. Сансара концепциясы бойынша, өлім өмірге қарсы қойылған зауал емес, өлім – өмірдің басқа түрлеріне өту жолы (Мәдени-филос. энцикл. сөзд.).