САП-САРАЛА

lat: SAP-SARALA

сын. Бірнеше түс аралас, ішінде сары түс басымдау келген.

Біраздан соң қоңыраудың үні келді, Не төре, не жандарал міні келді. Сап-сарала киінген бір офицер: «Ат бар ма» деп сұрайды кіріп енді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Қалай біздер қапелімде аңғара алмай қалғанбыз?! Әттеген-ай, неткен аңқау, неткен аңқау жандармыз?! Келіп қапты-ау сағыныштай сап-сарала арман-күз... (М.Мақатаев, Шығ.).