lat: SAPAR
зат. 1. Бет алып шыққан алыс жол; саяхат.
Білесіз дүние жүзі толған халық, Олардың арасында бар көп парық. Алты айлық алыс сапар аралары, Тұрады бір-бірінен хабар алып (М.Дулатов, Шығ.).
Жамалдың ісі әуелде теріске басып келе жатқанмен, бұл сапарда істің сәті болмайтұғын белгісі көріне бастады (М.Дулатов, Шығ.).
Мекке менен Медине жолдың ұшы, Алыс сапар дейді ғой барған кісі. Ата менен анаңды құрметтесең, Мекке болып табылар үйдің іші (Шал ақын)
Түріміз аралас, тіліміз алалау болғанмен, сапар қызығы ортақ (Ғ.Қайырбеков).
Ш.Уәлиханов 1856 ж. Алтынемел сапарындағыжазбаларында Айт-бозым биі Жайнақтың есімін де атап өтеді («Жетісу» энцикл.).
Ауыр да азапты сапар артта қалды, сол сапарда туыстарын еске алып көп қайғырды (Д.Исабеков, Тіршілік).
Сапарға саяхат қып шықпайынша, Отырып үйде жігіт аршыла ма? «Қырып сал – қыран тұқым» болғанымен Бау ашпас баулық көрмей қаршыға да (О.Шораяқов, Шайыр.).
2. қоғ.-саяси. Өзге елге ресми түрде арнайы шақырумен бару.
Мұндай өзара сапарлар – деді Иран сенатының председателі Шариф Имами, – өзара түсінікті нығайтуға көмектесіп, бір-бірімізді неғұрлым жақсы білуге мүмкіндік береді («Соц. Қаз.»).
3. Жорық, жүріс.
Жалынды мергендерге сонан кейін, «Бір сапар аң атуға мен де ерейін, Қиратып таудан киік атпасам да, Қызығын аңшылықтың бір көрейін» (О.Шипин, Дастан.).