lat: SAPTY
сын. Сабы бар, сапталған.
Тобылғы сапты қамшы алып,
Тұмар мойын ат мініп,
Қоныс та қарар ма екеміз (Ақтамберді жырау).
Сексеуіл станциясында көрсеткен ерлігі үшін алтын с а п т ы қылышты басшылары сыйлыққа берген (О.Сәрсенбаев, Бақыт.).
Бері қарай бет қойған бұғыларға қарап тұрып, қарағай сапты найза ұстаған қалың қол әскерді елестетті (Р.Тоқтаров, Ертіс.).
Көтеріп күміс сапты қылыш беріп, Батырға Шаймердендей тиді ерік. Алматы, Қараталды қорисың деп, Өзіне жоспарлы жер берді бөліп (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.).