lat: SAQ
сын. Қырағы, абай, көреген.
Түн бойынша сақ төбет,
Үріп шықты шарқ ұрып.
Жауды біліп аңдыған.
Ас бермеді бәйбіше:
«Үрдің, – деп, – босқа құр кеше»
«Барқылдақ, – деп, – алжыған».
Түн болды тағы кәр төбет,
Бұралып жатты, үндемед,
– Қайтсін сорлы қажыған! (М.Жұмабаев, Шығ.).
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық! (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Ерте тұрып кел дегеннен кейін Амантай сақ ұйықтап, тауық шақырған соң түрегелді (С.Мұқанов, Ботагөз).