lat: SAQ
зат. тар. б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азияны мекендеген ежелгі тайпалардың одағы.
Сақтар одағына яксарт, массагет, дай, исседонд, т.б. тайпалар кірген (Қаз. ықшам. энц. сөздігі).
Әшекейлі алтын тақта cақтар ханы. Қасында уәзірі, төменде қалың жұрт (М.Шаханов, Ғасырлар).
Сақтар, ғұндар, көне түріктер, Ақсақ Темір ұлыстары жайлы әр заман жылнамашыларындағы зілді, жағымсыз пікірлерге қарамастан, көшпелі және отырықшы мәдениеттердің бір-бірімен тығыз байланыста, ықпалдас дамығаны мәлім (Қаз. дала. ойшыл.).
Алтайдағы тау үңгірлерінен қасына киіз үйіп, мал-мүлкін, құрал-саймандарын қоса жерлеген сақтар заманынан қалған қорымдар табылған (Қаз. дала. ойшыл.).