САҚИ

lat: SAQI

сын. Қолы ашық, жомарт, береген.

Ол тірісінде де талайға ыстық та көлеңке болған, суықта жылуын тигізген қайыры мол, сақи адам еді (Ө.Тұрманжанов, Менің кітаб.).

Бұл күндерде жомарт, сақи жотасың,

Адам сені Дақыл тау деп атасын!

Бейбіт күндер берекеңнің серігі,

Жылда соны жырлап беріп жатасың (X.Ерғалиев, Күн күмбез).

Құрық салып құр атқа,

Тезірек жет мұратқа!

Сары күздей сақи бол,

Шашпа болма бірақ та! (Н.Төреқұл, Сүйіншіден көңіл айтуға дейін).

Барынша сақи атануға тырысатын

Бөкеннің өзі де ат құрғатқан емес,

Қараштың ақсақалдары біраздан соң

Қайтадан келгіштеуді көбейтті (Ә.Кекілбаев, Шығ.).