lat: SAQTA
ет.1. Қолда ұзақ ұстау.
Сақтайтұғын не бір сырын Сыр сандығы бола алмасаң, Біреу үшін өмір сүріп, Біреу үшін өле алмасаң, (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
Сылап-сипап тайыңды Баптап жүрмін, құлдығым. Сен жесін деп майымды Сақтап жүрмін, құлдығым (C.Жиенбаев, Алтын қалам).
Кекірейіп кекетіп, Біреуді мінеп күлмедім. Сәл нәрсені кек етіп, Көңіліме сақтап жүрмедім (С.Мәуленов, Алыс кет.).
Қылжақтап екі ауылдың арасында, Не файда жүргеніңнен құр сорайып? Бай болып һүнер білсең тіпті жақсы, Зор қару дәулетіңді бұл сақтарлық (М.Дулатов, Шығ.).
2. Аман алып қалу.
Елдігін сақтап қазақтың, Ордалы өрге ту тіккен. Аңсаған мәңгі азат күн Береке, бақыт, бірлікпен (К.Салықов, Жезкиік.).
Абай осы дүниеге қызығушылықты, дүниеқұмарлықты “жетім көз” деп атап, ол тек өлгенде “құм көзіне құйылғанда” ғана тояды, – дейді. Адамды бұл жолдан сақтайтын қанағат қана... (Қаз. дала. ойшыл.).
Ел болып тұрып, жау болғаннан сақта, Етек астынан дау болғаннан сақта (Мақал).
3. Пайдаланбай, кейінге қалдыру.
Алмаларды жастай үзбе, Албыратып сақта күзге, Әркімде алма бар емес пе?! (С.Мәуленов, Алыс кет.).
Еске түсті «шұбырынды ақ табан», Отыз екінші жылдар ел-жұрт қақсаған.– Сақта жұттан қазағымды, – дедім мен, – Кеше қырғын соғыста да сактаған (К. Салықов, Жезкиік.).
4. Пана болу, қорғау.
Серттесейік осылай, Ешбір жалған айтпайық. Ақырғы дем біткенше Отанды қорғап сақтайық (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.).
Ақсақ Темір көреген, Азуын айға білеген, Дұшпанын саздай таптаған, Досын майдай сақтаған, Алтын діңгек секілді Патша өткен Тұранда (Дулат Бабатайұлы, Замана сазы.).
Кең даланы сақтап қалған Мәртебелі, қазағым. Зират етіп жаттап алған Әр төбені, қазағым (С.Мәуленов, Алыс кет.).
Мен осыны түсінбей дал боламын, Көңілімде айтылар қалмады әнім. Бір қыранын табиғат сақтасайшы, Қарқылдатып қойғанша қарғаларын (Т.Молдағалиев, Шақырады.).
5. Ұстау.
Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан, аяулы жақсыға қосамын деп, Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып (Абай, Тол. жин.).
Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды (Абай, Тол. жин.).
6.ауыс.Асырау, бағу.
Алса да аяншақтау кедей сорлы, Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны. Жас бала кемпір-шалын тентіретпей, Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы (Абай, Тол. жин.).
Жаман болса жыртық қос, Ықтығы жоқ паналар. Көмегі жоқ әкеден Көршің, жақсы саналар. Аялап, сақтап, ардақтап, Әкеңді күт, балалар! (Ә.Найманбаев, Шығ.).
7.ауыс. Жолын-жүйесін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін бұзбау.
Олар жолын сақтап отыр (Ауызекі).
8.ауыс. Жолында құрбан болу, жанын пида ету.
Арқаланьш ел шуына көтерген, Ақырғы рет, Мәреге есен жетер ме ең. Болсам егер, ат айдаушы Бөрібай, Сені сақтап, Өзім мерт боп кетер ме ем (К.Салықов, Жезкиік.).
9.ауыс. Бетін аулақ қылсын деген мағынада.
Қыстың емес, Көңілдің ауа райын Қолайсыздау қылмағай келер айың. Ақылсудан сақтасын! Мен де сөзді Артық кетпей тұрғанда доғарайын! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
10.ауыс. Жинау, жинақтау.
Саттар жырын сақтайтұғын қиып ап ол газеттен, Сонан кейін апаға кеп жатқа айтатын кезекпен (М.Шаханов, Ғасырлар).